jasqazaq.kz

Жаңаөзенде хиджаб киген оқушы қыздың ата-анасы сотқа берілді

29 қыркүйек 2017, 12:55

Хиджаб кигеніне байланысты мектепке бармай отырған қыздың ата-анасының үстінен сотқа арыз берілді. Қазіргі таңда оқушы қыз аталмыш себеппен сабаққа бармай отырған жалғыз адам.

Бұл туралы “Тумба” хабарлайды.

Оқиға туралы Маңғыстау облыстық білім басқармасының басшысы Зейнеп Тастемірова айтып берді. Спикердің айтуынша, ата-ананың діни ой-пікірі қыздың лайықты білім алуына кедергі келтіріп отыр.

“Бала үйде отырғандықтан, ол білім тұрғысынан дамып жатқан жоқ. Ал ата-анасы қарсыласуды жалғастырып отыр. Олар осы арқылы заңды өрескел бұзып отыр. Сондықтан Жаңаөзен қалалық білім басқармасы істі сотқа жеткізді”, – деді облыстық білім басқармасы тәрбие бөлімінің жетекшісі Алмажай Райымбердиева.

Оның айтуынша бастапқыда орамалдарын шешпеген басқа қыздар сабақтарға қатысып жүр. Олардың ата-аналарымен әкімдік қызметкерлері ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізген.

“Олар барлық сабақтарға, оның ішінде денешынықтыруға да қатысады. Олар сабақтан тек денсаулық жағдайларына байланысты анықтама арқылы ғана босай алады. Ал діни сенімдері бойынша ешқандай босату берілмейді”, – дейді Тастемірова.

Еске салсақ, оқу жылының басында Жаңаөзен мектептерінің бірінде орамал дауы туған. Білім басқармасы мәліметінше, қалада былтыр 40, биыл 60 оқушы қыз орамал таққан. Кейін облыс әкімі жағдайды өзі бақылауға алатынын хабарлаған еді.

stan.kz

31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті