jasqazaq.kz

Жүзден жүйрік анықталды

21 қыркүйек 2017, 11:42

Ақтөбе қаласында өткен республикалық «Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің» байқауында Гүлзат Қайыргелді бас жүлдені жеңіп алды.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті мен Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы ұйымдастырған дәстүрлі байқауда ел аумағындағы 300-ден астам жас бақ сынады. Аудандық, қалалық, аймақтық іріктеуден іркілмей өткен 15 көркемсөз оқу шебері бүгін Ақтөбе қаласында ақтық сайыста өнер көрсетті. Байқау шартына сай алғашқы айналымда үміткерлер қазақтың белгілі жазушыларының көркемдігі жоғары прозалық шығармаларынан үзінді оқыса, екінші кезеңде поэзиялық шығармаларды көркемсөз оқу талаптарына сай орындап шықты.

Қатысушылардың өнері мен білім деңгейін ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Амангелді Айталы төрағалық еткен қазылар алқасы бағалады. Қазылар шешімімен Ақмола облысының намысын қорғаған Гүлзат Қайыргелді бас жүлдені иемденіп, 300 000 теңгенің сертификатын ұтып алды.

— Байқау өте жоғары дәрежеде өтті. Барлық қатысушылар өте талантты, дарынды. Расын айтсам, қазылар алқасының таңдауы маған түсетіндігіне де күмәнді болдым. Десе де, еңбегім бағаланып, жоғарғы нәтиже көрсеткендігі қуантады. Тілектестік білдірген барлық көрерменге алғысымды айтамын,- дейді Г.Қайыргелді.

Жүлделі І орынға Ділдә Хайран (Қостанай облысы) лайық танылса, ІІ орынды маңғыстаулық Әлібек Тағабердин еншіледі. Үздіктер үштігін Мейіржан Әлбеков (Шығыс Қазақстан) пен Оразбек Бахатхан (Павлодар) түйіндеді. Нұрсұлтан Отар, Әйгерім Байысбек, Жанар Нақоваларға ынталандыру сертификаты мен 50 000 теңге табысталды. Барлық байқау қатысушылары Ақтөбе облыстық тілдерді дамыту басқармасының «Алғысхатымен» марапатталды.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда