Ақтөбе қаласында жұмыссыздықтан шаршаған жігіт өзіне қолжұмсамақ болды. Абырой болғанда іске полиция қызметкерлері араласып, азаматты бұл ойынан қайтуға көндірді, – деп хабарлайды Qasym.kz
Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға бірінші маусым күні кешкі 20:15 шамасында Қызылжар ауданында орын алған. Жас жігіт көп қабатты үйдің шатырына шығып алып, секіріп өлуге ниетті екендігін жеткізеді. Осыдан соң оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері жетіп, жігітпен келіссөз жүргізген. Жұмыс іздеуден шаршаған жігіт ойынан айнып, шатырдан түсті.