jasqazaq.kz

Жүгері консервісінен құстың басы шықты (видео)

18 қыркүйек 2017, 11:03

Украинаның Луган облысында дүкеннен сатып алынған жүгері құтысынан кептердің басы шықты. «Олжаны» кешкі тамағын ішпек болған студент қыз тауып алған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Бойжеткеннің айтуынша, ол сыртында «Белгород көкөністері» деп жазылған этикеткасы бар консервіні ашқан. Құтының ішінде жүгерімен қоса кептердің басы болыпты. Сөйтіп бойжеткен ашылған құтыны суретке түсіріп, әлеуметтік желілерде таратқан, деп хабарлайды Mash арнасы.

«Барлығы партияда 182 мың консерві бар. Құстың басы жатқан тұздық кез келген құтыда болуы мүмкін еді. Барлық партия Қазақсан мен Луган облысының сауда желілеріне жеткізілді. Өндіруші консервілерді кері қайтарып алмайтын болды, тек дүкендердегі сөрелерден құтыларды іріктеп таңдап, құстың бар-жоғын тексеруге уәде етті», — делінген бейнероликте.

Ал жеткізуші жүгері құтысына кептердің басы қалай түскенін анықтауға уәде берді. «Белгород сүт өнімдері» ААҚ қызметкерлері мұның технологиялық жағынан мүмкін емес екенін айтып түсіндірді.

«Жүгері собықтары бастапқы өңдеу цехында өңделеді, дәндері алынады, жуып-тазартылады,содан кейін бір-бірден өткізіледі. Өндіріс жабық түрде өтеді, кептердің басы қалай да көрінер еді», — дейді кәсіпорын зертханасының меңгерушісі Оксана Зайцева.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда