jasqazaq.kz

Зерендіде 39 магнитті жұтып қойған баланың өмірі құтқарылды

07 қантар 2025, 15:10

2 қаңтарда Ақмола облысының Зеренді ауданының кішкентай тұрғыны 39 магнит жұтып қойған.
Төрт жасар бала қатты құсып, іші ауырып, аудандық ауруханаға жеткізілген. Рентген нәтижесінде оның ішегінде бөгде зат табылып, дәрігерлер баланы Ақмола облыстық балалар ауруханасына шұғыл тасымалдайды. Мұнда күні кеше тәжірибелі хирургтар бес сағаттық операция арқылы баланың өмірін сақтап қалған.

Ақмола облыстық балалар ауруханасының анестезилогия және реанимация бөлімшесінің меңгерушісі Ербол Жұмағалиев “Таңшолпан” бағдарламасында бұл жағдайдың балалар арасында жиі кездесетінін атап өтті. Оның айтуынша, балалар ұсақ заттарды байқамай жұтып қоюы мүмкін, ал бұл өмірге қауіп төндіретін салдарға алып келеді.


Ербол Жұмағалиев:
»Қазіргі кезде баланың жағдайы жақсы, бірқалыпты, орташа деңгейде. Ол бөлімшеде анасының қасында, тамақтанып, жүріп жүр. Бұл магниттерді бала 31 желтоқсан күні жұтқан екен. Ата-анасы мұны байқамай қалған. Тек сыртқы белгілері пайда болып, бала ауырған кезде ғана көмекке жүгінді. Мұндай жағдайлар өкінішке қарай жиі кездеседі. Магнит, моншақ, түйме, ұсақ монеталар секілді кішкентай баланың аузына сиятын кез келген зат қауіпті. Ол асқазан-ішек жолдарына кетсе, ішек жолдарын бітеп, зақымдауы мүмкін. Ал тыныс алу жолдарына түссе, асфиксия (тұншығу) қаупі бар.
Алғашқы көмек ретінде баланың ауыз қуысын ашып қарап, егер зат жоғарғы жақта тұрса, оны қолмен алып тастаған дұрыс. Егер ол көмектеспесе, құрсақ қуысының төменгі бөлігінен қысып, арқасынан қағу қажет. Бұл да нәтиже бермесе, бірден жедел жәрдем шақыру керек»,- дейді.

Дәрігерлер бұл жағдай арқылы ата-аналарды ерекше мұқият болуға шақырады. Ұсақ заттарды балалардың қолы жетпейтін жерге қою және олардың әрекеттерін қадағалау қажет. Баланың қауіпсіздігі көбінесе ересектердің жауапкершілігіне байланысты екенін ұмытпаған жөн.

Олжас Әбдіхалық

 

 

 

Бүгін, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет