jasqazaq.kz

Зейнетақы қоры жоғалған миллиардтар туралы мәлімет бермеді

25 қыркүйек 2017, 22:30

Жыл басынан бері бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 741 миллиард теңгеге өсті. Қор басшылары осындай мәліметпен мақтанды. Бірақ, қайыру бермей кеткен 40 миллиард теңге туралы ләм-мим демеді. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Жаппарберген Айбота, БЖЗҚ баспасөз орталығының бас маманы:

-Зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7 жарым триллионға жуықтады. Жыл басынан бергі өсім 11 пайызды құрап отыр. Барлық шарттар бойынша шоттардың жалпы саны 10 миллионнан асты, дәлірек айтқанда 10 105 192.

Жаздың басында ғана әр түрлі құнды қағаздарға құйылған қаражат толық қайтпай қалып, қордың инвестициясы минусты көрсеткен болатын. Қазіргі уақытта инвестициялық табыс 5,78 пайызды құраған. Сондай-ақ, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша 129 миллиардқа жуық теңге жиналған. Алайда, талайдан бері ел болып алаңдап отырған 40 миллиард қарыз туралы ешкім тіс жармады. Айта кетсек, жиырмадан астам компания қордан қарыз алып, тақырға отырғызып кеткен. Бір ай бұрын қор өкілдері ақшаны қайтару үшін солармен соттасатын болып жатқан. Бірақ, содан бері хабар жоқ.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда