jasqazaq.kz

Зейнеп Ахметова: Ет сасыса, тұз салады, тұз сасыса, не салады (Видео)

25 маусым 2024, 12:00

Тұрсынбек Қабатовтың әйелі, продюсер Мөлдір Мұқанова Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметовадан оңбай сөз естіді. Бұл туралы “Азаттық рухы” порталы хабарлады.

Отандық «Ел арна» арнасындағы «Қыздар мен жігіттер» бағдарламасында Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова даңқты батыр бейнесін ойынға айналдырды.

“Тәуелсіздік, еркіндік, сөз бостандығы деп кейбіреулер аузына келгенін айтып, ойына келгенін сөйлеп, бейбастыққа барып жүр. Адамның жаны түршігетін, жан-дүниеңді құлазытатын хабарды жанашыр кісілердің бірі жіберіп отыр. Қазақстанға белгілі Атамыздың тікесінен тік тұрған суретінің басын ойып, бір әйел адам сол жерге басын сұғып тұр. Оған айналасындағылар тырқылдап күліп, мәз болып отыр. Бұл недеген бассыздық, не деген тексіздік?! Әруақпен ойнап, Атаның әруағын таптап, басын жұлып алуға кім оларға мұндай құқық беріп отыр? Арасында бір депутат бар. Ол не үшін ыржыңдап тұр? Халықтың көзі, құлағы, тілі болады деп сенген халық қалаулысының сиқы сол болса, жетіскен екенбіз. «Әй, тәйт» деуге оның шамасы келген жоқ. Анау ыржақайлармен бірге ыржалаңдап тұрды. Ет сасыса, тұз салады, тұз сасыса, не салады демекші, депутаттың сиқы осы болса, одан не үміт, не қайыр?» – деп ашуланды Зейнеп Ахметова.

“Ал енді осы хабарды жасап отырған жап-жас кісілер титтей де болсын, ойланған жоқ па? Құдайдан қалай қорыққан жоқ? Әруақтан қалай сескенген жоқ? Олар үлкенді сыйлауды, әсіресе әруақты сыйлауды үйренген жоқ па? Басынан бастап уызына жарымаған бейшаралар өзінің тарихына өзі түкіріп отыр. Ұлы адамдарды аяққа таптап отыр. Ал бұл жақсылыққа апармайды. Ол құрдасы ма немесе жолдасы ма еді? Басқа адам табылмай қалды ма? Ол сурет бүкіл Қазақстанға белгілі. Алматыға жолы түскен кісілер әдейілеп үйге келіп, суретке тәу етіп, суретке түсіп, ескерткіш ретінде алып кетеді. Бұл – балаларын алып келіп, ертеңгі күні атасының қасында түскенін, сол шаңырақта болғанын көрсету үшін әтуірлейтін сурет. Егер түптеп барар болсақ, сотқа беруге болады. Ол кісі қазақтың ар-намысын ту етіп ұстаған, ұлттық рухтың символы болады. Соны түсінбеген мына жастар ертеңгі күні елге бірнәрсе береді дегенге сенбеймін», – деді ол.

JQ-Aqparat

12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды