Өзбекстан мектептерінде соңғы қоңырау өткізілмейтін болды.
Өзбекстанның білім министрлігі республика бойынша мектептерде соңғы қоңырау мен қоштасу кештерін өткізуге тыйым салған. Бұдан бөлек Өзбекстан білім министрлігі мектеп басшылары мен мұғалімдеріне бағалы сыйлық беруге, ата-аналардан ақша жинауға тыйым салған.