jasqazaq.kz

Өзбек түрмесінде қамауда жатқан отандасымыздың атын жамылып алаяқтар ақша жинауға кірісті

08 маусым 2017, 21:40

Виталий Ненченкоға қаражат қажет деген желеумен белгісіз біреулер жұрттан жылу жинамақ болған. Тіпті, киви әмиян номерін де жарнамалап, ғаламторға шығарып үлгеріпті. Ал, Виталийдің туыстары болса, бұған біздің қатысымыз жоқ деп отыр.

Юлия Медведева, Виталий Ненченконың қарындасы:

-Біз киви әмиян жасаған жоқпыз. Сондықтан жұртқа алақан жаятын жағдайда емеспіз. Алайда, біреулер біздің атымыздан ақша жинамақ болған. Бұл масқара ғой.

Виталийдің жақындар жарнамадағы нөмірге хабарласып та көрген. Алайда, онымен байланысқа шығу мүмкін емес. Сондықтан жұртты алаяқтардың құрығына түсіп қалмауға шақырады. Өздері де полицияға шағым жазып жатыр. Ал, көріші елдің абақтысында жатқан отандасымыздың жағдайы сол күні белгісіз. Естеріңізге сала кетейік, демалысында отбасымен бірге Өзбекстандағы туыстарын араламақ болған Виталий Ненченко қамауға алынған болатын. Бұған WhatsApp месенджері арқылы келген екі бейнеролик себеп. Енді оған Өзбекстан заңы бойынша, экстремизмді насихаттады деген желеумен 10 жылға дейін сотталу қаупі төніп тұр.

ktk.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда