jasqazaq.kz

Зардап шеккен өңірлерге 167 935 келі гуманитарлық көмек жеткізілді

10 сәуiр 2024, 11:30

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 167 935 келі гуманитарлық көмек жеткізілді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш айтты.

«Су тасқыны басталғалы бері 96 472 адам, оның ішінде 31 640 бала құтқарылды. Әуе көлігімен 2 823 адам, соның арасында 865 бала қауіпсіз жерге жеткізілді. Уақытша орналасу пункттеріне 7 605 адам, оның ішінде 3 474 бала орналастырылды», — деді Е. Сайпаш Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде.

Оның айтуынша, 82 559 бас мал қауіпсіз жерге айдалды.

«Зардап шеккен өңірлерге 167 935 келі гуманитарлық көмек жеткізілді. Бірлескен күштердің көмегімен 8,5 млн текше метрден астам еріген қар суы шығарылды. 1,3 млн қапшық және 1,1 млн тонна инертті материал төселді. 2 750 тұрғын үй мен 1 816 аула аумағынан су ағызылды. Тәулік бойы авариялық-құтқару жұмыстарына 24 295 адам, 2 655 техника, 469 су сору және 139 жүзу құралы, 10 әуе көлігі жұмылдырылды», — деді ведомство өкілі.

Оның сөзіне қарағанда, дәл қазіргі сәтте Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында 3 444 жер үйді, 336 аула аумағын су басып тұрғаны анықталды.

«Су шайған 105 автожол, оның ішінде 8 көпір мен 97 жол төсемі бақылауда тұр. Көлік қатынасынсыз қалған 69 елді мекен бақылауға алынды. Республикалық және жедел штабтар жұмысын жалғастырып жатыр. Барлық күш пен құралдар төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюға жұмылдырылды», — деді Ерасыл Сайпаш.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?