jasqazaq.kz

Заңсыз аванс аударған бухгалтер сотталды

30 қараша 2023, 10:14


Шу ауданында бухгалтер Балалар мен жасөспірімдер өлкетану және туризм орталығының қызметкерлеріне 3 жыл бойы заңсыз аванс аударып келген.

Бухгалтердің қылмыстық әрекетін Шу ауданының прокурорлары анықтап, сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлігі 1-тармағымен (ірі мөлшерде сенiп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе талан-таражға салу) 2023 жылғы 1 тамызда тіркелді. Тергеуді жүргізу Жамбыл облысы Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылған.
«Мемлекетке келтірілген залал 9,9 млн теңгеден асты, ол тергеу барысында өтелді.

2023 жылғы 9 қарашада Шу аудандық сотының үкімімен орталықтың бухгалтері 5 жыл мерзімге бухгалтерлік қызметпен айналысуға тыйым салумен 4 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ», — делінген Жамбыл облысының прокуратурасы ұсынған мәліметте.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?