jasqazaq.kz

Заңсыз әкелінген тауарды сатуға жол берілмейді

25 сәуiр 2024, 16:11

Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік кіріс басқармасы арнайы жүргізілген тексеру шаралары шеңберінде темекі өнімдерін сәйкестендіру құралынсыз саудалаудың 8 дерегін анықтады. Тексеру кезінде шетелде өндірілген 160 950 қорап (3 219 000 тал) темекі өнімдерінің заңсыз әкелініп, бөлшек саудаға шығарылғаны анықталды.

Заңсыз әкелінген өнім Алматы қаласында сатылған. Қазақстан Республикасы Әкімішілік Кодексінің 684-бабына сәйкес, әкімшілік материалдар Алматы қаласындағы Арнайы ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 2-бабында қарастырылғандай, құқық бұзуға түрткі болған акцизсіз тауар тәркіленеді және құқық бұзушы 150 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді.

Қазақстан Республикасында енгізілген сәйкестендіру құралдарымен міндетті таңбалау арқылы тауарлардың қозғалысы автоматты түрде бақылауға мүмкіндік береді. Сол арқылы тауарлардың сапасын мен қауіпсіздігі анықталады. Сондай-ақ өнімін өткізушілер арасында адал бәсекелестікті қамтамасыз етуге жағдай жасайды.

Әлішер Бейсенбайұлы Әлтаев,
Алматы қалалсы Түрксіб ауданы МКБ бас маманы

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?