Ақ орамал астында билейді: Заманауи беташар туралы видео кең талқыға түсті(Видео)

09 қантар, 12:19

Әлеуметтік желіде ерекше форматтағы беташар туралы видео кең талқыға түсті. Видео авторы, қалыңдық Ума Оспанова бұл рәсімді заманауи стильде өткізіп, көпшіліктің назарын аударды. Мұнда қалыңдық иіліп сәлем берудің орына қол бұлғап, ақ орамал астында би билейді. Ролик 700 мыңнан астам қаралым жинап, пікірлер алаңына айналды.

«Беташар және басқа да рәсімдер – барлығы заманауи форматта өтті. Мұндай жастарға арналған той туралы пікірлеріңізді бөлісіңіздер», – деп жазды қалыңдық.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от JAS QAZAQ (@jasqazaqkz)

Мұндай модернге бет алған салт туралы Jas Qazaq мәдениеттанушы Бердалы Оспаннан пікір сұрады. Оның пікірінше, беташар дәстүрінің мазмұны мен маңызын қазіргі жастар терең түсіне бермейді.
Бердалы Оспан: «Қазір жастар беташардың рухани болмысымызда неге пайда болғанын білмейді. Жалпы көпшілік салттарды керек кезінде еске алады, оның маңызын, мазмұнына үңілмейді. Үлкендер де сондай болған соң жастар рухани қажеттілікті өзінше шешіп жатады. Яғни, үлкендер салтты дұрыс біле бермейді.

Кезінде ешқандай кітап болмаған. Ауылда бірге тұрған соң салт-дәстүрді көрген, соған қарап беташарды өткізе берген. Қазір қалада, ауылда тұрады да өз білгендерінше өткізеді. Кітаптар бар да, бірақ нақты өткізу шаралары тәптіштеп жазылмаған. Сол себепті де болар салттың мағынасын, мазмұнын нақты білетіндер аз»,- дейді.
Мәдениеттанушының айтуынша, қазақ халқының әрбір салты терең мағына мен тәрбиелік мәнге ие.

Бердалы Оспан:

«Қазақтың салттарының бәрі ұлтымыздың рухани болмысын сақтап қалуы үшін, адамды адамгершіліктен айырмау үшін дүниеге келген мәдени шаралар. Жаңа түскен келіннің жүзін беташарға дейін ешкімнің көруге хақысы болмаған. Себебі келіннің беті көпшіліктің алдында ғана ашылған күнде болашағында бақытты болады деп сенген. Бұрын беташарды ақындар немесе сөзге шебер адамдар жүргізген. Олар өлең арқылы әулеттің жақсы қасиеттерін айтып, кемшіліктерін әзілмен түзеуге тырысқан. Беташу кезінде келіннің, әулеттің, екі жастың жаңа өмірі басталады».

Оның айтуынша, жастар көбінесе бұл дәстүрдің мағынасын түсінбей, тек рәсім ретінде қарайды. Ауылдағы адамдардың арасында бұл дәстүр қалт сақталса да, оның терең маңызы мен мәні туралы толық түсінік жоқ. Бердалы Оспан мырза қазіргі жастар мен үлкендер арасында салт-дәстүрлердің дұрыс орындалуы мен олардың мәнін түсіну мәселесін көтерді. «Мысалы, тойда жастар көбінесе төрде отырады. Бұл — қате. Төрде ата-әжелер отыруы тиіс, себебі жастар солардың арқасында осындай жақсы өмір сүріп жатыр», – деді ол.
Бір ай бұрын ғана «Беташар» салты ЮНЕСКО-ның мәдени мұрасының тізіміне енгізілді. Бұл – қазақ халқының рухани мұрасының әлемдік деңгейде мойындалуы деген сөз. Әлбетте, беташарды заманауи түрде өткізген қалыңдықтың әрекеті түрлі пікір туғызғаны анық. Дәстүрге кері әсерін тигізбей, жаңа форматта ұсыну – уақыт талабы десек те, шектен шықпаған дұрыс.

Әбдіхалық Олжас

21 қантар, 13:57
Кредитті жылдам жабудың тәсілдері қандай?
16 қантар, 12:30
Жастар жұмыссыздығының себебі неде?
10 қантар, 15:56
Аңдамай сөйлесең, ауырмай ақша төлейсің
05 қантар, 14:12
Жасанды интеллект болашағымызға қауіп пе, әлде жаңа мүмкіндіктер алаңы ма?
03 қантар, 21:15
Боранды күні жолға шығатындар басқаларды да ойлауы керек
26 желтоқсан 2024, 17:55
Пәлен жерде алтын бар. Барса...
23 желтоқсан 2024, 18:08
Жаңа жылда Kaspi Red+ арқылы шоппинг үшін 15% бонус!
20 желтоқсан 2024, 11:58
Абайлаңыз, ел ішін "Омикрон" кезіп жүр
18 желтоқсан 2024, 16:00
“Жастар тоқтамай жаңа әндер жазуы керек”. Ерлан Көкеев трендтегі әндерге байланысты пікір білдірді