jasqazaq.kz

Заңсыз киік аулаған тұрғын қолға түсті

03 маусым 2017, 18:20

2 маусым күні сағат 11.00-12.00 шамасында Қазталов ауданы Әжібай ауылына қарасты «Мерәлі» қыстағының жанында заңсыз киік аулаған сол ауылдың Ж. деген тұрғыны қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Аудандық ішкі істер бөлімінен түскен мәліметке қарағанда, тексеру кезінде «Volkswagen Passat» автокөлігінің ішінен аңшылық қару, мүйізі кесілген 1 бас киіктің ұшасы және мүйізі табылып, тәркіленді. Күні бүгін аталмыш тұрғынға қатысты ҚР ҚК 337-бабы 4-бөліміне сәйкес (заңсыз аңшылық) қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Айта кетейік, «Қызыл кітапқа» енгізіліп, мемлекет қорғауына алынған киіктер Батыс Қазақстанда негізінен осы Қазталов және Жәнібек аудандарын мекендейді.

 

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда