jasqazaq.kz

Өз қызын сотқа сүйреді

28 қыркүйек 2017, 12:11

44 жастағы Қостанай тұрғыны қызын сотқа берді. Қыз АҚШ-қа виза алу үшін анасының пәтерін өз атына жаздырып алып, кейіннен сатып жібермек болған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бір жыл бұрын әйел үш бөлмелі пәтерін қызының атына жазып береді. Қызы виза алған бетте пәтерді анасының атына қайта аударуға уәде берген. 27 жастағы қыз АҚШ-қа туристік визамен шығып, сол елдің азаматтығын алып, қалып қоймақ болыпты.

Бірақ Қазақстандағы АҚШ елшілігі оған виза беруден бас тартады. Соған қарамастан қыз пәтерді анасының атына қайтып аудармаған. Ол визаға қайта құжат тапсырмақшы болады.

«44 жастағы әйел пәтерде күйеуі және кішкентай баласымен тұрып жатқан. Ол үлкен қызы уәдесінде тұрып, пәтерді қайтарып береді деп ойлаған. Қызының арманын орындағысы келіпті. Біраз уақыт өткеннен кейін пәтерге бөгде адамдар келе бастайды. Пәтердің сатылымға қойылғанын, жарнама бойынша келгендерін айтады. Әйел өзін алдап, кішкентай баламен далада қалдырмақшы болған қызын сотқа берген», — дейді Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі.

Істі қарау барысында қызы мен анасы татуласып, келісімге келген. Екіжақты келісімге сәйкес, қыз анасы мен сіңлісінің әрқайсына пәтердің үштен бір бөлігін берді. Анасы болса қызына қатысты қойған талаптардан бас тартты.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда