jasqazaq.kz

Өз елінің әнұраны қойылмағасын спортшы жеңіс тұғырынан түсіп кетті (видео)

24 шiлде 2017, 14:23

Үш қарғып секіруден юниорлар арасында Еуропа чемпионы атанған Белорусь жеңіл атлеты Виолетта Скворцова марапаттау рәсімінде жеңімпаз тұғырынан түсіп кетті. Оған себеп ұйымдастырушылардың шатасып өзге елдің әнұранын қойып қоюы.

Бұл туралы «Қазақ үні» сайты rambler.ru-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Скворцова 21-шілде күні Италияның Гросетто қаласында өткен Еуропа біріншілігінде үш қарғып секіруден 14,21 метр нәтиже көрсетіп бірінші орынға ие болған.

Марапаттау рәсімінде ұйымдастырушылар өзге елдің әнұранын қойған соң, спортшы тұғырдан түсіп кетті. Төрешілердің «Жарыстан шектетіліп, медалі алынатыны» туралы жасаған ескертпесіне қарамастан, спортшы тұғырға көтерілмей қойды.

Алайда, Скворцоваға қатысты санкциялар енгізілмеді. Ұйымдастырушылар спортшыдан кешірім сұрап, марапаттау рәсімін қайта ұйымдастыруды ұсынды.

https://youtu.be/MWmZgL8h6hg

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда