jasqazaq.kz

Қызылордада қырғыз азаматтарын тонаған қылмыскерлер құрықталды

21 қыркүйек 2017, 18:23

Қызылордалық полицейлер қырғыз азаматтарын тонаған 28 және 25 жастағы Қармақшы ауданының 2 тұрғынын ұстады, деп хабарлады бүгін Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға 21 кыркүйек күні түнгі сағат 03:50 шамасында Шымкент-Самара тасжолының бойында болды. Белгісіз бір азаматша ішкі істер бөліміне телефон соғып, қылмыс фактісі туралы хабарлаған. Хабарлама негізінде жедел түрде сол аумақта барлау жұмыстарын жүргізіп жүрген жол-патрульдік полиция ротасына тиісті нұсқау беріліп, нәтижесінде 1992 жылғы және 1989 жылғы 2 азамат ұсталды. Тергеу барысында ұсталған 2 азамат алдын ала сөз байласып, Қырғызтан Республикасы азаматының басқаруындағы «Mercedes» маркалы автокөлігін тоқтатып, автокөліктің ішінде болған 4 азаматтың 40000 теңге көлеміндегі ақшасын, 10 дана қосымша доңғалақтарын және ұялы телефондарымен қоса «Кама» үлгісіндегі велосипедін ұрлағандары белгілі болды. Аталған дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабы, 2-бөлігі, 1,3-тармағы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.

ҚазАқпарат

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда