jasqazaq.kz

Қызылордада кеудесіне темір қадалған көлік жүргізушісі тірі қалды

22 қыркүйек 2017, 12:52

Қызылордада «BMW» автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жанармай құю стансасының бөгетіне соғылған. Жол-көлік оқиғасы Абай және Бөкейхан көшелерінің қиылысында болды.

Қақтығыстың салдарынан дуалдың металл арқалығы көліктің алдыңғы әйнегінен өтіп, жүргізушінің кеудесін, яғни жүрек тұсын шаншыған. Оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылардың көмегімен көлік иесі аман қалды. Олар тек қана иномарканы ғана емес, сондай-ақ көлік иесінің кеуде тұсынан шығып тұрған темір бөлшекті де кесуге мәжбүр болды. Оңтүстік өңірдің жедел құтқару тобының қызметкерлері шара барысында азаматты есінен таңып қалмас үшін сабырға шақырып, әңгімелесіп тұрды. Бірнеше сағатқа созылған құтқару шарасы сәтті аяқталды. Ал жүргізушіні жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізді.

24.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда