jasqazaq.kz

Қызылордада күн 56 градусқа дейін ысып кетті (фото)

04 шiлде 2017, 16:32

Кеше Қызылордада ауа температурасы +56 градусты көрсеткен. Тұрғындар ми қайнатар аптап ыстықта «жанымызды қоярға жер таппадық» дейді. Бұл туралы NUR.KZ порталы хабарлайды.

Редакцияға келіп түскен хаттардың арасынан күн райы қатты ысып кеткенін жазған қызылордалық азаматтың хабарын байқап қалдық.

Және дәлелі де жоқ емес. Төмендегі суреттен қала көшелерінің біріндегі бағанадан ауа температурасы 56 градусты көрсетіп тұрғанын байқауға болады.

Естеріңізге салсақ, синоптиктер алдағы үш күнде еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде күннің қатты ыситынын айтқан болатын. Оның ішінде Маңғыстау облысының кей өңірлерінде де ауа температурасы шектен тыс көтерілетіні туралы ақпарат берілген болатын.

Sputniknews.kz агенттігінің жазуынша, 6-9 шілде аралығындағы мереке күндері Қазақстанның солтүстік бөлігінде күндіз ауа температурасы 38 градусқа дейін, ал оңтүстікте 42 градусқа дейін көтерілмек.

«Екінші және үшінші он күндікте аптап ыстық салқын әрі жаңбырлы күндермен алмасады», — деді синоптик.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда