Бүгін Қызылорда қаласында оқыс жағдай болды. 13 орындыққа 21 баланы тиеп алған Газель көлігі аударылған. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Оқиға бүгін таңертең Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентiндегi Абай және Сапарбаев көшелерiнiң қиылысында болыпты. “Ералаш” жеке балабакшасына тиесiлi “Газель” автокөлiгiнің ішінде жол апаты кезінде 19 бүлдiршiн болған деген ақпарат бар.
Балабақша медбикесi балалардың ешқайсысы ауыр жарақат алмағанын айтты. Олардың барлығы медициналық тексеруден кейiн үйлерiне қайтарылған.
Қазiргi таңда аталмыш оқиғаға байланысты ресми орган мәлiмет таратқан жоқ. Алдағы уақытта арнайы кездесу жасалмақ. Бұл оқиға туралы толығырақ мәлiметтi қосымша жариялайтын боламыз.