jasqazaq.kz

Үздік студент-спортшылар анықталды!

27 желтоқсан 2023, 20:17

2023 жыл студенттік спорт үшін жемісті, әрі жеңісті жыл болды. Қаңтар айында АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өткен ХХХІ Дүниежүзілік қысқы Универсиада, Қытайдың Ченду қаласында өткен Дүниежүзілік жазғы Универсиада еліміз үшін өте сәтті аяқталды. Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен Университеттік спорттың халықаралық фестивалі мен Түркістанда өткен II Түркі мемлекеттерінің универсиадасында да студент-спортшыларымыздың жеткен жетістіктері мен спорттық көрсеткіштері аз емес.
Сонымен қатар, студенттердің кешенді жарысы болып саналатын Республикалық жазғы Универсиада Ақтау қаласында жоғары деңгейде ұйымдастырылып, спорт түрлері бойынша «Студенттік лига» жарыстары да талапқа сай өткізілді.
Студенттер спорты жылдан-жылға бұқаралық сипатқа ие болып, қарқынды дамып келеді.


Осы орайда, елімізде тұңғыш рет жылдың ең үздік, ең таңдаулы студент-спортшыларын марапаттау мақсатында «СҰҢҚАР 2023. Стуенттік спорттың жұлдыздары» республикалық байқауы өтті. Қазақстанның Ұлттық студенттер спорт Одағының Президенті Қайрат Закирьяновтың игі бастамасымен өткізілген бұл маңызды шара – студент-спортшылардың айтулы мерекесі.
«Сұңқар 2023» байқауына еліміздің түкпір-түкпірінен спортшылар мен студенттер спортына қатысты азаматтар мен спорт жанашырлары жиналды. Атап айтсақ, есімдері аңызға айналған Юрий Мельниченко, Ермахан Ыбырайымов, Жасұлан Қыдырбаев, Амангелді Кәрмен бар. Арнайы Астанадан үздіктерді марапаттауға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, жоғары және жоғары білімнен кейінгі комитет төрағасының орынбасары Ақерке Абылайханқызы келіп, студент-спортшыларға толағай табыстар тіледі.
Қазақстанның Ұлттық студенттер спорт Одағының Президенті, профессор Қайрат Закирьянов: «Спорттағы үлкен жетістіктер – студенттер спортынан бастау алады.

Студенттерді спорты жыл сайын мемлекетіміздің қолдауымен жақсы дамып келеді» деді.
Алғаш рет өткізілген «Сұңқар» студенттік спорты байқауы енді дәстүрлі түрде екі жылда бір ұйымдастырылмақ. Сұңқардайын самғап, алдағы жарыстарда олжа салуына рух беру мақсатында ұйымдастырылған бұл кештің маңызы жыл өткен сайын арта түспек. «Сұңқар 2023» арнайы сыйлығын жеңіп алған бүгінгі марапат иелерін құттықтаймыз. Қазақ спортын дамыту жолындағы еңбектеріңіз жана берсін демекпіз!

 

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?