jasqazaq.kz

Қыз алып қашпақ болғандар ұсталып қалды

22 маусым 2017, 10:54

Ақтөбе қаласында тал түсте қыз алып қашпақ болған екі жігіт ұсталып, үстерінен қылмыстық іс қозғалды. Олар мүлдем танымайтын бойжеткенді көліктеріне отырғызып, алып кетпек болған. Абырой болғанда куәгерлер қарап қалмай, қызды құтқарып алған. Ал тентектерді полицияға тапсырған.

Кейін анықталғандай, жастары жиырмадан енді асқан жігіттер Хромтау тұрғындары екен. Олардың бірі қызды сырттай көріп, ғашық болған. Бірақ тура барып танысып, сөз салуға қорыққан. Сондықтан алып қашып, үйленбекші болыпты. Ал бойжеткеннің өзі оларды мүлдем танымайтын болып шықты.

Қазір тентектер ешқайда кетпеу туралы қолхатпен бостандыққа шықты. Тергеушілер «Адам ұрлау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

qasym.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда