jasqazaq.kz

Қытайлықтар Малайзияда Ислам дінін қабылдап жатыр

16 тамыз 2017, 18:37

Малайзияда жаңа мұсылман болғандардың оқиғалары көбінесе этникалық мұсылмандар үшін танымды болып келеді.

«Алғашқыда Исламды қабылдайтынымды білген менің қытай достарым біраз абыржып қалды. Исламды қабылдаған соң, мен өзгеріп, олармен араласпай қояды деп санаған екен олар», — деп шыққан тегі қытай, ал өзі жаңадан мұсылман болған Саралин Абдулла ағынан жарылды.

Саралин 24 жасында Құранға және оның терең мағынасына, әсіресе пайғамбарлар мен оларға берілген сынақтар туралы оқи отыра сүйіспеншілігі оянып, шын жүрегімен Алланың бір екенін білдіретін шәһәдә айтқан.

«Әлдекім Исламды қабылдаған уақытында, адамдар оның ұлты малайлық болады деп ойлайды. Менің достарым да мені малайлық болып, малайя мәдениетін ұстанатын болады деп ойлап, абыржып қалған ғой».

Селангордің өзінде жылына 3 200 адам Исламды қабылдайды. Бұл адамдардың осы дінге келулерінің себебі әртүрлі, бірақ олардың бәрі дінге кірген соң өз есімдерін өзгертіп жатады. Малайзия қытайлық мұсылмандар қауымдастығы президенті профессор Тауфик Яп Юн Хиннің айтуынша, есімді өзгерту кең тараған стереотип болып табылады.

– «Қытай есімдерінің басым көпшілігінің өзіндік жақсы мағыналары бар. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) кезінде мұндай болмаған еді – адам дінді қабылдағанда оған есімін өзгертудің қажеті болмаған, тек есімнің мағынасы нашар болғанда ғана, есім өзгертілетін болған».

muftyat.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда