jasqazaq.kz

Қытайлар қазақша той жасауды сәнге айналдырды

17 тамыз 2017, 15:48

Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өңірінде қазақтар шоғырланған жерлердегі қытайлар қазақша той жасауды сәнге айналдырды.

Тянь-Шань ақпараттық порталының хабарлауынша, Іле қазақ автономиялық облысының Алтай аймағы Шіңгіл ауданындағы мемлекеттік қызметкер Дуң Шиние 15 тамыз күні қазақы үлгіде той жасады. Хэйлунцзян провинциясынан келген қалыңдықтың айтуынша, күйеу жігіттің жұмысының қауырттығына байланысты тойды Шіңгілде өткізуді ұйғарған.

Әріптестері арасында қазақтар көп болғандықтан жас жұп тойларында қазақтың ұлттық киімін киіп шыққан екен. Бұл күнде қазақтар мекендеген өңірлерде туып өскен қытай ұлтының азаматтары қыздарын қазақша ұзатып, келіндерін қазақ салты бойынша түсіруді сәнге айналдырған.

Той салтанатында қытайлар қазақтың ұлттық киімдерін киіп, атқа мініп той серуенін жасаумен қатар, беташар, шашу шашу, той дастарқанына ет тарту және үйге жаңа түскен келінге отқа май құю сияқты дәстүрлерді де орындап жатыр.

ҚазАқпарат

 

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда