jasqazaq.kz

Қытайдың оңтүстігіндегі алапат дауыл салдарынан 16 адам қаза тапты (видео)

24 тамыз 2017, 17:24

ҚХР-ының арнаулы әкімшілік ауданы Аомэнь (Макао) және оңтүстікқытайлық Гуандун провинциясында тайфун салдарынан 12 адам қаза тауып, 153 адам жарақат алды.

Зардап шеккендердің басым бөлігі — 8 адам Макаода тіркелген, Чжухай, Чжуншань қалалары және Цзянмэньде, Гуандун провинциясында сәйкесінше 4,3 және 1 адам қаза тапты. Аймақтағы электр тарату желілері, қоғамдық көліктердің жұмысы бұзылып, 700 мыңнан астам тұрғын үйлерге кіру жолдары жабылған. Гонконгта желдің екпіні ағаштарды қиратып, қала көшелерінің кейбір бөліктерін су басқан. Көптеген қоғамдық мекемелер, компаниялар мен білім ошақтары жабылып қалды. Сонымен қатар, 400-ден астам әуе рейстері тоқтатылып, Макаоны жақын аралдармен байланыстыратын жолдар жабылды. Дауыл басталғанға дейін билік Гуандун првинциясындағы жағажайға жақын орналасқан шамамен 279 мың және көршілес Гуансун провинциясының 128 мың тұрғынының үйлерін босатуын алдын ала ескерткен. Қытай метеорологиялық қызметі апатты жағдайға байланысты қауіптіліктің қызыл деңгейін жариялады. Тайфун ошағындағы желдің ең жоғары жылдамдығы 155 км/с дейін жетті. Қазіргі уақытта Хато дауылы Қытайдың батысына қарай ауысып, Гуанси, Юньнань және Гуйчжоу провинцияларына нөсер жауын алып келді.

ҚазАқпарат

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда