Қытайдағы жер сілкінісі салдарынан 19 адам мерт болып, 247 адам зардап шекті. Бұдан бұрын 12 адамның мерт болғаны және 175 адамның зардап шеккені жайлы хабар болған.
Жер асты сілкіністері 8 тамыз күні Сычуань провинциясында сезілген болатын. Орталық Қытай телеарналарының мәліметінше, іздеу-құтқару операциялары әлі де жүргізіліп жатыр. Осы ауданда жалпы 210 мыңдай адам өмір сүреді, деп ТАСС хабарлайды. Ең мықты 7,0 балдық жер сілкінісі Цзючжайгоу уезінде тіркелген.