Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанчжоу мегаполисінде кран құлап, 7 құрылысшы қаза тапты және тағы екеуі зардап шекті.
Оқиға сенбі күні кешкі уақытта болған. Кран майысып, кейін құлап кеткен. Құрылыс алаңы қалалық инфрақұрылымды дамытумен айналысатын China Communications Construction мемлекеттік корпорациясына тиесілі. Тергеу жүріп жатыр.