Қытайда алғашқы интернет-сот іске қосылды.
Интернет-сот өз жұмысын Чжэцзян провинциясы Ханчжоу қаласында бастады. Мұндай сотты іске қосу туралы шешім биыл 28 маусымда Қытайдың Коммунистік партиясы Орталық комитетінің 36-шы сессиясында қабылданды. Интернет-сот онлайн саудадағы алаяқтық пен интернеттегі авторлық құқықтар бұзылған жағдайларға қатысты істерді қарайды. Барлық сот процесі — өтініштен бастап қылмыстық істің қозғалуына дейінгі процестердің барлығы соттың сайты арқылы жүргізіледі. Сондай-ақ, соттың үкімі де онлайн видео арқылы айтылатын болады.