jasqazaq.kz

Қытай түрмесінде отырған Семей тұрғыны бостандыққа шықты

22 қыркүйек 2017, 11:17

Қытай түрмесіндегі бес ай! Аспан асты елінде қамауда отырған отандасымыз ақыры бостандыққа шықты. Семейлік Евгений Миронов аспан асты елінде жүк көлігінен тир мылтығының оғы табылғаны үшін ұсталған еді. Ал мұндай оқты Қытайда алып жүруге заңмен тыйым салынған. Сондықтан Миронов алғашында 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін делінген еді. Енді бес айдан кейін бостандыққа қалай жіберілгенін Евгенийдің өзі де түсінбей отыр. Бүл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

42 жастағы отандасымыз заңы қатал елдің абақтысында ешқандай қысастық көрмегенін жеткізді. Ал не үшін қамалып, қалай бостандыққа шыққанын өзі де түсінбей қалған. Түрмедегілер бұған ештеңе айтпапты.

Евгений Миронов, Семей қаласының тұрғыны:

-Мен отырған бөлмеге кірді де, тағылған айыптың барлығы алынғанын айтты. «Бұрынғыдай жұмысыңды істей беруіңе болады, шектеу қоймаймыз» деді.

Осылайша, Миронов қазір аман-есен елге оралып, жақындарымен қауышып отыр. Ол басына іс түскенде, қолдау білдірген еліміздің билігіне дән риза. Айтуынша, Қытайдағы елшілік те ақталып шығуына ерекше атсалысқан.Қазір Евгений Миронов жүк тасымалымен айналысатын компаниядағы жүргізушілік жұмысына қайта оралған. Жат елде сотталып кете жаздаған азамат енді отандастарына шет мемлекеттерге шыққанда сақ болуды ескертуде.

Тіпті ол баратын елдің заңын бүге-шүгесіне дейін оқудың өзі артық болмайтынына көз жеткізіпті. Естеріңізге сала кетейік, семейлік азамат Қытайда көлігінің қобдишасынан табылған екі қорап тир мылтығының оғы үшін абақтыға қамалған еді. Оның сотталып кетуінен қорыққан жақындары еліміздің Сыртқы істер министрлігінен көмек сұраған болатын.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда