jasqazaq.kz

Қытай азаматы Ресейдегі Тува түркілерінен тізерлеп тұрып кешірім сұрады (видео)

26 шiлде 2017, 13:34

Бұл Ресейдің Тува Республикасындағы кен орындардың бірінде болған оқиға. Онда жергілікті түркі халықтарының бірі саналатын тывалар Лунсин кеншінде басшылық қызметте істейтін қытайлық азаматты соққыға жығып, жауап алған, деп хабарлайды Caravan.kz.

Ал видеоны желіге Борис Мышлявцев есімді фейсбук қолданушысы жүктеген.

Мәліметтерге қарағанда кінәлі қытайлық менеджер жігіт алдында тұрған ұлты тыва жұмысшы қызды анасымен бірге жер жебіріне жетіп балағаттаған. Бұған дейін де қытайлықтардан әбден қорлық көріп келген жұмысшылар бұған шыдамай әлгіні ұрып-соғып жазаламақ болады. Видеода ашулы жұрттың «еліңе кет» дегені анық естіледі.

Ал Лунсин Тувадағы қытайлықтар сатып алған кен орны. Онда жергілікті тұрғындармен қатар қытайлық жұмысшылар да көптеп жұмыс істейді.

Акцияларын қытайлықар сатып алған кәсіпорындар мен мұнай компаниялары елімізде де бар. Бұған қоса билік жуырда 50 қытай зауытын Қазақстанға көшіру туралы уағдаластыққа де қол жеткізді.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда