jasqazaq.kz

Қытай азаматшасына ғашық болған қазақ жігіті сүйгенінен 5 жылға айырылды

12 маусым 2017, 13:49

ҚР ішкі істер министрлігі сүйген жары — Қытай азаматшасына қосылуға жәрдем сұраған қазақ жігітінің арызына қатысты пікір білдірді.

Бұдан бұрын Тұрсын Бөрібай есімді жігіт abai.kz сайтында жарияланған хатында ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтан жұбайы Қытай азаматшасы Жазира Иманәліге қосылуға жәрдемдесуді сұраған болатын.

Жас жұбайлар екі жыл бұрын танысып, бір-біріне ғашық болып, жақында үйленіпті. Алайда ғашықтар бірге бола алмайды, өйткені көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Иманәлі былтырғы жылы Қазақстаннан шығарылыпты. Қазақ жігітінің жазуынша, өзі отбасының кенжесі екен, әкесінің миына қан құйылып төсек тартып жатқан көрінеді, бар арманы ұлының үйлену тойын көру екен.

Тұрсын Бөрібай бұл мәселе оң шешімін тапса, Қасымовты құрметті қонақ ретінде үйлену тойына шақыруға уәде берді.

ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев айтқандай, қыз Қазақстанға былтыр 7 маусымда келіпті, бірақ бес күн ішінде уақытша тіркеуге тұрмай, 2016 жылы 22 маусымда ғана тіркелуге келеді. Көші-қон заңнамасын бұзған шетелдік ару әкімшілік жауапкершілікке тартылып, Қазақстан шекарасынан шығарылды. Сот шешімінің негізінде көші-қон қызметі қыздың 2021 жылғы 29 маусымға дейін елге келуіне тыйым салады. «Халықтың көші-қоны туралы» заңның 48 бабына сәйкес, ҚР аумағынан шығарылған шетелдіктерге Қазақстанға келуге бес жылға тыйым салынады. Талдықорған ауданаралық әкімшілік сотының шешіміне шағым түсіріп, шешім өзгертілген жағдайда көші-қон қызметі Қазақстанға келуге тыйымды алып тастайды», — деді Сәдубаев.

sputniknews.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда