jasqazaq.kz

Ырысбала Икрамбай: Менің атымнан ұтыс ұйымдастырған оқушыны тауып алдым!

23 қараша 2023, 13:18


Танымал блогер Ырысбала Икрамбай атын жамылып ақшалай ұтыс ойнатқан мектеп оқушысын тапты. Ол “Ырысбаладан конкурс” деп жалған ойын ұйымдастырып, блогердің оқырмандарынан ақша жинаған. Бұл туралы блогер әлеуметтік желіде жазды.

“Бір күн ешкіммен ұрыспай, “он күнәнің тоғызы тілден” деген нақыл сөзді ескеріп, үндемей жүрейікші десек те мүмкіндік бермейді. “Конкурстан 100 мың теңге ұтып алдыңыз, 5000 теңге аударсаңыз, ұтысыңызды салып жібереміз” деп жалған конкурс жасап жатқан мектеп оқушысын тауып алдым. Шардара ауданы, Көксу деген ауылдың тұрғыны екен. 2007 жылы туған, әлі мектепте оқиды. Адамның атын жамылып, менің абыройыма нұқсан келтірді. 5000 теңгесінен айырылған адам мені қарғайды. Мектеп оқушысының аты-жөні мен үйінің адресі қолымда тұр. Бір-екі күнде Шардараға жолым түсіп тұр, істі аяғына дейін жеткіземін. Басқаларға сабақ болсын”, – дейді блогер.

Блогердің айтуынша, көп уақыт өтпей қыздың анасы шығып, аударған адамдардың ақшасын түгел қайтарып беруге уәде берсе де, кешірім бермеген.

“Қызым жылап жатыр. Бір жолға кешіріміңді берші. Алған ақшаның бәрін қайтарып береміз. Жергілікті полицияларды қозғамай-ақ қойыңызшы. Әкесі өте қатал еді, бұл туралы естісе қиын болады” деп анасы жалынса да, кешірім бермейтінімді айттым. Одан кейін қызы да шықты, “алған ақшаны полицияның көзінше аударасың” дедім. Әке-шешесінен бұрын қыздың өзіне жазғанмын. Телефон тұтқасын көтермеді. Whats App-қа жазғанымда оқыды да, бұғаттап тастады. Қатты ашуланып кеттім. Басқа адамдарға сабақ болады. Мен жазбамның астына мені қаралап, даттап жазған оқырмандарымды да жазалап аламын”, – дейді Ырысбала.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?