Ұрыс даласында дрондарды басқару үлкен өнер

Бүгін, 9:39

Қазіргі заманғы ұрыс қимылдарында үлкенді-кішілі дрондардың (ұшқышсыз ұшатын аппараттардың) үстемдік жасап тұрғаны даусыз. Оған қарсы жаяу әскер былай тұрсын, болат сауытты, ауыр техниканың өзі дәрменсіздік танытуда. Бұл жағдайды әскери сарапшылармен қатар қарапайым халық та көріп, мойындап отыр. Дрондарды қолдану бүгінде әскери іс-қимылдарға деген көзқарастарды түбегейлі өзгертті, ол барлау, бақылау және шабуыл үшін жаңа мүмкіндіктерді ашып берді.
Дәл осы әлемдік факторды және ҚР Қарулы Күштерінің даму тенденцияларын ескере отырып, 2024 жылы оқу-жаттығу жиындары барысында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті әскери кафедрасын бітіруші студенттер үшін дрондарды басқару бойынша қосымша сабақтар ұйымдастырылды.


Аталған сабақтарда студенттерге дрондардың ұрыс даласында орындайтын негізгі міндеттері түсіндірілді. Мысалы, дрондардың негізгі қызметтерінің бірі барлау мәліметтерін жинау болып табылады. Көлемі шағын және жоғары маневрлік қабілетінің арқасында дрондар алыс қашықтыққа ұшып барып, сол жақтан нақты уақыт режимінде қажетті суреттер мен бейнелерді жібере алады. Бұл қарсыластың қозғалысын бақылауға, ұрыс алаңындағы жағдайды бағалауға және ұтымды тактикалық шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.


Бұдан бөлек, студенттер ұшқышсыз ұшатын аппараттардың тек барлау жасап қана қоймай, сонымен қатар нысанаға дәл соққы беру, қарсыластың әскеріне психологиялық тұрғыдан әсер ету, материалдық-техникалық қамтамасыз ету және жабдықтау жөніндегі міндеттердің орындай алатынын көзбен көріп, түсінді.


Әрине, ең бастысы, дрондарды қолдану қауіпті тапсырмаларды орындайтын сарбаздар мен офицерлердің өмірін сақтайды. Әскери қызметкерлер барлау немесе соққы беру операцияларына тікелей қатысудың орнына дрондарды қауіпсіз қашықтықтан басқара алады, бұл өз кезегінде олардың опат болу немесе жарақат алу ықтималдығын азайтады.
Осылайша студенттер ұрыс даласында дрондарды басқарудың үлкен өнер екенін ұғынды. Олар далалық сабақтың қорытындысы бойынша теориялық біліммен қатар, заманауи ұрыс кезінде ұшқышсыз ұшу аппаратын нақты қолданудың бастапқы дағдыларымен жете танысты деп айта аламыз.

Полковник Тұрдалы Тұрғынбаев,
ЕҰУ әскери кафедрасының арнайы цикл бастығы

13 тамыз, 14:30
Түркістан: Құқық бұзудың кез келген түріне тосқауыл қойылады
12 тамыз, 14:34
Түркістан: Тәртіп бұзғандар құтылмайды
12 тамыз, 14:26
Түркістан: Құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алуға арналған шаралар
12 тамыз, 14:19
Түркістан: Төлеби ауданында профилактикалық іс-шаралар өтуде
12 тамыз, 13:58
Құрманбек Сахов: Басты міндет – қылмыстың алдын алу
10 тамыз, 15:10
Абайдың өлеңдерін жатқа оқитын полицей
09 тамыз, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы