Ұрпақ сабақтастығының әдемі үлгісі

24 қараша 2023, 18:09


С.Сейфуллин атындағы Қазақстан агротехникалық университетінде ардагерлер мен студенттердің қатысуымен «Ата-ана ұлағаты, ұрпаққа аманат» атты конференция болып өтті. Оған қаладағы еңбек ардагерлерімен қатар Қарулы Күштердің, ауған соғысына, Чернобль апатын жоюға қатысушылар, тәжік-ауған шекарасында және Иракта бітімгершілік миссиясын атқарған ардагерлер қатысты. Іс-шараның мақсаты — ұрпақтар сабақтастығын қолдау және жастардың бойында патриоттық сезімді арттыру болып табылады.


Конференцияны аталған университеттің студенттер мәселесі жөніндегі проректоры, Жайнагүл Кұсайынова жүргізіп отырды. Конференция барысында Астана қаласының Ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов, ҚР Қарулы Күштерінің ардагері генерал-майор Марат Нағұманов және т.б. сөз сөйледі. Спикерлер студенттерге азаматтық борыштың елдің өркендеуіндегі маңызы туралы айтып берді.
Елордалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов осы жылы атқарылған жұмыстарға тоқтала келе, ұрпақтар сабақтастығының маңызы жайлы кеңінен сөз қозғады. «Ата-бабамыз салып кеткен сара жолды таңдап, өскелең ұрпақты салт-дәстүрімізбен әдет-ғұрпымызға сай тәрбиелесек ұтарымыз мол. Ұлттық сана біздің идеялогиямыздың және қазірғі қоғам дамуының негізі болып табылады», деді ол өз сөзінде.


«Өлі риза болмай тірі байымайды» дейді қазақ. «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігінің миссиясын осы бір ауыз сөзбен бейнелеуге болады. Оның басы-қасында осынау тәмсілдің таудай салмағын сезініп, игілікті іске бел шеше кіріскен белсенді азаматтар жүр. Жеті атасына дейін жетік білген қазақ қашаннан іздеусіз, жоқтаусыз қалғаннан қорыққан. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, үзілмей келе ұлы дәстүр. Ендеше Екінші дүниежүзілік соғыста хабар-ошарсыз кеткен 271 мыңнан астам боздақты іздемеу, жоқтамау ендігі жерде елдігімізге сын болар еді»,-деді осы ұйымның өкілі, Қарулы Күштердің ардагері Әбубәкір Смайылов. Сондай-ақ, ол ұрпақтардың ауысуын ескере отырып, қазіргі жастардың кумирі кімдер және олар нені қалайды деген мәселелерді зерделеу арқылы жүйелі жұмыс жасаған жөн дегенді айтты.

Іс-шара соңында ардагерлер жастарға аға ұрпақ атынан Аманат хатты салтанатты түрде табыс етті. Аманат хатта «Біз сүйікті Отанымыздың болашақ тағдырын сеніп тапсыруға болатын лайықты, жігерлі, соңымызднан еріп келе жатқан мықты ұрпақты тәрбиеледік. Осы беттеріңізден қайтпай, біздің Аманатымызды келесі ұрпаққа сендер жеткізетіндеріңізге біз сенімдіміз. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жүргізіп жатқан барлық реформаларды қолдап, соған қатыссаңыздар біздің қазақ халқы әлем танитын іргелі мемлекетке айналады деп сеніммен айта аламыз!»-деп жазылған.


Сосын конфкеренцияға қатысушылар бірге бір адамдай Ескендір Хасаналиевтің атақты «Атамекен» әнін шырқады.

Ғани Артықов,
Астана қаласы Қорғаныс істері
департаментінің өкілі, запастағы полковник

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу