
Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері Ұлытау облысында елдің оңтүстік аймағынан ұйымдастырылған ірі есірткі жеткізу арнасын жойды, деп хабарлайды jasqazaq.kz.
Polisia.kz мәліметінше, Жезқазған — Қарағанды автожолында есірткі тасымалдауға қатысы бар бес адам ұсталды. ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы Данияр Мейірхан: «Күдіктілер маршрутты бақылаған. Көлікті тексеру кезінде 13 пакет тәркіленді. Онда 300 келіден астам марихуана болған. Алдын ала мәліметке сәйкес тәркіленген есірткі миллионға жуық бір реттік дозаға тең. Оның қара нарықтағы құны үш миллион долларға жетеді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ішкі істер министрлігі есірткіні өндіру мен тарату бойынша кез келген заңсыз әрекеттің жолын кеседі. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда», — деді.
JQ-Aqparat
Сурет: Polisia.kz