jasqazaq.kz

Ұлы Дала жауһарлары Франция төрінде көрсетіледі

02 қараша 2024, 11:24

6 қарашада Қазақстан мен Франция Мемлекет басшыларының қолдауымен Гиме – Азия өнерінің ұлттық музейінде (Париж) Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі мен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің коллекциясынан «Қазақстан: Ұлы Дала жауһарлары» көрмесі ашылады.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, көрме 2025 жылдың 24 наурызына дейін жалғасады.

Қорында Қазақстанның бірнеше мәдени жәдігері бар, Азия өнерінің әлемдегі ең толық және Еуропа аймағындағы ең ірі коллекциялары сақталған Гиме – Азия өнерінің ұлттық музейінде Қазақстанның тарихи мұрасынан көрме өткізу өнер әлеміндегі елеулі оқиға болатыны анық.

Көрме мақсаты: музей жәдігерлерін иммерсивті технологиялардың сүйемелдеуімен қазақ мемлекеттілігінің ғасырлар бойы дамуының тарихи-өркениетті бастауларына, қазақ халқының мәдени кодының сабақтастығы мен бірегейлігіне ерекше назар аудара отырып, Еуропа және француз жұртшылығына Қазақстан мәдениетінің көпғасырлық тарихы мен бай қазынасын көрсету.

Экспозицияда Қазақстан тарихының негізгі кезеңдерін (б.з.д. ІІІ мыңжылдықтан XVIII ғасырға дейін) сипаттайтын 35 сирек артефакт ұсынылған.

Экспозиция 5 бөлімнен тұрады:

– Тобыл ойшылы, Ботай мәдениеті және жылқыны қолға үйрету;

– Алтын Адам. Алғашқы сақ мемлекеттерінің пайда болуы;

– Тас мүсін (Балбал). Түркі билігі кезеңіндегі ортағасырлық Қазақстан;

– Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің шырағдандары. Исламның дамуы;

– Қазыбек бидің шапаны. Қазақ хандығы және бүгінгі Қазақстанның пайда болуы.

Ашылу салтанатына Қазақстан мен Францияның көрнекті мемлекеттік саяси қайраткерлері, дипломатиялық корпус, мәдениет және өнер өкілдері, ғылыми және студенттік қоғамдастық, Еуропадағы қазақ диаспорасы қатысады.

JQ-Aqparat

Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Бүгін, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
Бүгін, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста