jasqazaq.kz

Ұлттық тәрбие – баланың жанына дерт түсірмейтін ең басты қорған (Видео)

Бүгін, 14:02


Дінтанушы, танымал имам Нұрлан Байжігітұлымен сұхбат

Түркістан қаласы – руханияттың ордасы. Сан ғасырлық тарихы мен ділі терең, діні таза бұл аймақтың бүгінгі болмысы жайында сөз қозғағанда, ондағы балалар тәрбиесі мен психологиялық жағдайы да назардан тыс қалмайды. Соңғы уақытта елімізде оқушылар арасында орын алған суицид деректері қоғамды алаңдатып отыр. Осы орайда біз белгілі имам, дінтанушы Нұрлан Байжігітұлымен әңгімелесіп, Түркістан өңіріндегі рухани ахуал мен мектеп жасындағы балалардың рухани саулығына қатысты пікірін білдік.

“Әр қазақ үшін Түркістан – қасиетті мекен. Өз басым әр қазақ оны өз жұрты, өз өрісі деп есептеуі керек деп ойлаймын. Жалпы, ол жақтың халқының руханияты қандай деңгейде десек – жақсы деңгейде. Қазақы ұлттық құндылықтар сақталған өңір. Негізінде, бұл тек Түркістанға ғана тән емес, жалпы еліміздің барлық аймағында ұлттық құндылықтарымыз, салт-дәстүріміз, тіліміз бен діліміз белгілі бір деңгейде сақталып келеді. Бұрынғы бабалардан қалған белгілер, көнеден жеткен ізі байқалады,”- деді Нұрлан имам.

Нұрлан Байжігітұлы мектеп жасындағы балалардың психологиялық саулығына байланысты мәселелі сұрақтардың жауабын ұлттық тәрбиеден іздеу қажет екенін айтады.
Оның пайымынша, Түркістан мектептерінде де діни және дүниелік сауаттылық деңгейі жақсы. Балалардың білімге деген ынтасы жоғары. Алайда ол ең басты ерекшелік ретінде – ұлттық тәрбиенің сақталуын ерекше атап өтті.

“Діни білім өз жолында жүріп жатыр. Бірақ Түркістанның бір ерекшелігі – ұлттық тәрбиенің сақталғаны дер едім. Бұл – үлкен артықшылық. Себебі мешіттегі жамағаттың өзі ұлттық рухты бойына сіңіріп өсіп келеді.
Жалпы, балалардың психологиясы, ой-санасы, өмірге бейімділігі – мұның барлығы рухани дүниемен тығыз байланысты. Ал бұл руханияттың өзегін ұлттық тәрбие деп түсінуіміз керек. Уағыз жайлы айтқанда қазақы болмысымызды назардан тыс қалдыруға болмайды. Уағыз ден тәрбиені бөліп қарауға мүлде болмайды, себебі ұлттық болмысты толық қабылдасақ, өмір сүру де жеңілдейді.

Кейде біз қазір бәрін ауызекі айтып жүргенмен, жүрекпен сезіне алмай қалғандаймыз. Бұл – біздің болмысымыз, өмірлік бағытымыз, күнделікті ұстанымымыз. Егер осыны санаға сіңірсек, ұлттық тәрбие бізге жат болмайды, керісінше, өзіміздің ең жақын рухани тірегімізге айналады”-деді Нұрлан Байжігітұлы.

Имамның пікіріне сүйенсек, ұлттық тәрбие – баланың тек дүниетанымын ғана емес, жан дүниесін, ішкі тұрақтылығын қалыптастыратын басты қорған. Ол ата-әженің тәрбиесінде, ана әлдиіде, әке өнегесінде, дәстүр сабақтастығында жатыр деп қорытындылай аламыз.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от JAS QAZAQ (@jasqazaqkz)

Олжас Әбдіхалық

Бүгін, 16:02
Түркістан: «Орталық Азия» өнеркәсіптік кооперация орталығы – маңызды жоба
Бүгін, 15:37
Түркістан: Мәдени және әлеуметтік нысандар құрылысы қарқынды
Бүгін, 14:42
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласындағы өзекті мәселелер пысықталды
Бүгін, 14:16
Алмас Әбдірахманұлы: Масылдыққа жол бермей, адамдарды еңбекке ынталандыру маңызды
Бүгін, 14:02
Ұлттық тәрбие – баланың жанына дерт түсірмейтін ең басты қорған (Видео)
Бүгін, 13:48
Эльмира Төретаева: Жапон тұтынушылары  жантақ балымызды күтіп отыр
Бүгін, 12:59
Түркістан: Елді мекендерді газдандыру бойынша 64 жоба жүзеге асып жатыр
21 маусым, 13:05
Ілияс Қазиев: Алматы тұрғындарына сапалы ауыз су жеткізу – басты міндет
20 маусым, 13:08
Түркістан: Бос орындар жәрмеңкесі мен форум өтті