jasqazaq.kz

Ұлттық комиссия сарапшылары әйелдер мен қыздардың репродуктивті денсаулығының өзекті мәселелерін талқылады

24 мамыр 2024, 21:30

Бүгін Қазақстан Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысында жасөспірім қыздарға медициналық қызмет көрсету және фертильді  (бала көтеретін) жастағы әйелдермен акушерлік-гинекологиялық қызметтің жұмысы мәселелері қаралды. Ерекше назарда – ауылдық елді мекендердің тұрғындары.

Отырысқа облыс әкімдерінің орынбасарлары, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Жиында сөйлеген сөзінде Ұлттық комиссия төрағасы Аида Балаева халықтың репродуктивті денсаулығын қорғау мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала беретінін атап өтті.

«Бұл мәселе жалпыұлттық маңызға ие, өйткені біз салауатты ұлт, елдің болашағы туралы айтып отырмыз. Жасөспірім қыздар мен фертильді жастағы әйелдердің репродуктивті денсаулығын сақтау және нығайту, олардың бала туу туралы жеткілікті ақпарат алып, шешім қабылдау мүмкіндігін арттыру, жүктілік және босану кезіндегі тәуекелдерді азайту мақсатында әлеуметтік-экономикалық және емдеу-профилактикалық шаралар кешені іске асырылуда. Біздің сарапшылар медициналық инфрақұрылымның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, ана өлімін азайтуға мүмкіндік беретін шаралар кешенін қабылдау қажеттігін атап өтті. Жалпы, барлық уәкілетті органдардың белсенді жүйелі жұмысы қажет деп санаймын», — деп атап өтті министр.

Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова осы саладағы қазіргі жағдай мен жұмыс жүйесін жетілдіру шаралары туралы хабардар етті.
Сенатор Ләззат Қалтаева отырысқа қатысушылардың назарын мүгедектігі бар әйелдерге медициналық қызмет көрсетудің проблемалық мәселелеріне аударды.
Ұлттық комиссияның мүшесі, қоғам қайраткері Тоғжан Қожалы шалғайдағы ауылдарда әйелдерге көмек көрсететін акушерлік-гинекологиялық қызметтегі бірқатар проблемаларды атап өтті.
Өңірлердегі ауылдық ауруханаларға, фельдшерлік пункттерге барып, осы мәселелерді егжей-тегжейлі зерделеген Ұлттық комиссия сарапшылары денсаулық сақтау менеджерлерімен, дәрігерлермен және пациенттермен кездесу барысында әйелдердің репродуктивті денсаулығын қорғау үшін инфрақұрылымның үздіксіз жұмыс істеу мәселесіне назар аударды.
Әйелдер консультациялары, перзентханалар, отбасын жоспарлау кабинеттері, ауылдық ауруханалар, жастар денсаулық орталықтары әдістемелік тұрғыда көмек көрсетуді қажет етеді.
Отбасын жоспарлау кабинеттерінің жеткілікті санына қарамастан, жүктіліктің 40%-ы жоспарланбаған, ал прегравидарлық дайындықтан өткен жұптардың үлесі 30%-дан аспайды. Осы тұрғыда аталған жұмысты ұйымдастырудың тәсілдерін қайта қарау ұсынылды.
Азаматтардың өз денсаулығын сақтау мен нығайтуда жауапкершіліктің төмендігі осы процеске барлық уәкілетті органдардың атсалысуын қажет етеді. Қоғамдық ұйымдар, сараптамалық және ғылыми қоғамдастық халық арасында, мақсатты аудиториялар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге тиіс.


Отырысты қорытындылай келе, Ұлттық комиссия төрағасы Денсаулық сақтау министрлігінің жергілікті атқарушы органдармен, оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім министрліктерімен бірлесіп, фертильді жастағы қыздар мен әйелдердің денсаулығын сақтау, жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын нығайту, сондай-ақ жастарды саналы ата-ана болуға дайындау жөнінде шаралар кешенін қабылдау қажеттігін атап өтті.

Ұлттық комиссия жасөспірім қыздарға медициналық қызмет көрсетудің және акушерлік-гинекологиялық қызметтің өңірлік деңгейде фертильді жастағы әйелдермен жұмыстың егжей-тегжейлі мониторингін жалғастырады.

JQ-Aqparat

Суреттер: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды