Ұлттық құндылықтар жаңа әлеуметтік этиканың контурын айшықтайды

03 шiлде, 17:45

Бүгін Бас Прокуратура қызметкерлерімен кездесуімізде
Ұлттық құрылтайдың Атырауда өткен отырысында Мемлекет басшысы белгілеген ұлттық құндылықтар мен қоғамымыздағы әлеуметтік кеселдермен күрес жөнінде ой өрбітіп, ашық пікір алмастық.

Қазақстан Президенті Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзінде ұлт келешегін айқындайтын бес құндылықты баса айтты.

Бұл – Тәуелсіздік және Отаншылдық, Бірлік және Ынтымақ, Әділдік және Жауапкершілік, Заң және Тәртіп, Еңбекқорлық және Кәсіби біліктілік, Жасампаздық және Жаңашылдық.

Өркениетті елдердің тәжірибесіне қарасақ, бала бақша, мектеп қабырғасынан бастап өмірлік ұстаным болатындай етіп, ұлттық құндылықтар жастайынан бала санасына сіңіріледі. Өйткені, ұлттық құндылықтар негізіндегі берік ұстанымы бар азаматтардың заң бұзушылыққа баруы ауыр.

Мемлекет басшысы белгілеген құндылықтар тұғырнамасы мемлекеттің білім беру саласындағы, өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі және мәдени-ағарту жұмысындағы басты бағдары болуымен қатар, өскелең ұрпақтың қатыгездік пен заңсыздық, әділетсіз қоғамда өспеуін біздің ,әсіресе хұқық қорғау органдарының толыққанды қамтамасыз етуі ПАРЫЗ.

Ұлттық Құрылтайда айтылған бастамалардың нақты заңдар мен тұжырымдамаларға айналуы бұл бағыттағы жұмыстың жедел және жүйелі жүруіне мүмкіндік беріп отыр.
Отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес, лудомания, есірткі саудасы сияқты қоғамдық кеселдермен күресте Прокуратура қызметкерлерінің рөлі үлкен.

Ұлттық құндылықтар қазіргі кездегі идеологемаларды ғана емес, сонымен бірге бәріміз қалыптастыруға тиіс жаңа әлеуметтік этиканың контурын айшықтайды.

Мемлекет басшысы құрылтайда сөйлеген сөзінде «Біздің алдымызда үш айрық жол тұр: құлдырау, тоқырау немесе өрлеу. Біз әрдайым өрлеуді таңдаймыз», – деді. Өрлеуге ұмтылу – елдің дамуына кедергі келтіретін барлық нәрседен бас тартуды ғана емес, барша азаматтардың өзін-өзі дамытуға деген белсенді ұмтылысын да білдіреді.
Сондықтан бұл құндылықтар, қоғамда бүкіл еліміздің және әрбір азаматтың мүддесін тоғыстыратын прогрессивті мінез-құлық үлгілерін қалыптастыруды көздейді.

Осы қоғамда өзара құрмет пен сенімді нығайтудың, әрқашан және барлық жерде Заң мен Тәртіпті сақтаудың, негізгі құндылықтарды ұрпақ санасына сіңірудің маңыздылығы, олардың ел дамуы жолында ерекше орыналатыны, сондай-ақ тәрбие жұмысын ұйымдастыруға және әскери-патриоттық іс-шараларды жүргізуге негіз болатыны айтылды.

Сонымен қатар «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының талаптарына сәйкес қоғаммен және масс-медиамен жұмысты ұйымдастыру бағыттары жөнінде пікір алмасу болды.
ҚР Парламенті VIII шақырылымының 2 сессиясында қабылданған қоғамдық маңыздылығы аса жоғары, сиясы әлі кеппеген “Масс медиа” туралы Заң тек бұқаралық ақпарат құралдары үшін ғана емес, халықпен ашық диалог орнатып, ел мүддесіне жұмыс істейтін барлық мемлекеттік қызмет үшін жақсы мүмкіндіктер ашып отыр.

Бас Прокуратура қызметінің ашықтығы — халқымыздың хұқық қорғау саласына деген зор сенімін туғызады.

Адам хұқын қорғау деген абыройлы миссия. Сондықтан Мемлекет басшысының айшықтаған ұлттық құндылықтары хұқық қорғау қызметкерлерінің бас ұстанымы болады деген сенімдеміз.

Кездесу барысында Бас прокуратура және онлайн байланыспен қосылған өңірлік прокурорлар сұрағына жауап беріп, 30 жылдық тарихы еліміздің прокуратурасының тарихи мұражайындағы экспонаттармен таныстым.

Бибігүл Жексенбай, Сенат депутаты, Ұлттық Құрылтай төрағасының орынбасары, Қазақстан “Бас редакторлар клубы” қоғамдық бірлестігінің жетекшісі

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде