Ұлт саулығы – ұлы байлық

11 желтоқсан 2023, 12:23

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға және «Дені сау ұлт» жобасына баса назар аударғаны белгілі. Астана қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы да осынау игілікті іске өз үлесін қосуда. Мәселен, жыл сайын медициналық сақтандыру қаражаты есебінен халыққа травматология, кардиохирургия, нейрохирургия, урология, онкология және т.б. бойынша жүздеген қымбат операция жасалады.

Күні кеше Астанада қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен медицина қызметкерлерінің аймақтық уротехнологиялық Конгресі ұйымдастырылды. Екі күнге созылған Конгресс аясында отандық және шетелдік дәрігерлер бас қосып, урологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеу ісі бойынша пікір алмасып, жаңашыл әдіс-тәсілдермен тәжірибе бөлісті.
Конгрестің алғашқы күні № 2 қалалық көпбейінді ауруханасының бас дәрігерінің хирургиялық көмек жөніндегі орынбасары, жоғары санатты уролог дәрігер Юрий Пак, қалалық урология орталығының басшысы, жоғары санатты уролог дәрігер Асқар Жашенов, Грузия елінен келген онкоуролог-маман Давид Николайшвили бастаған операция командасы бес науқасқа сәтті ота жүргізді.
Жалпы №2 қалалық көпбейінді аурухана тәулік бойы кез-келген ауыр жағдайдағы уроандрологиялық бейіндегі пациенттерге шұғыл және жоспарлы көмек көрсетеді. Айта кетейік, жоғары кәсіби мамандардан құралған орталықта жыл сайын 2 мыңға жуық баламасыз ота жасалады.

«Бұл шара урология саласындағы мамандар үшін кәсібилікті шыңдауға тамаша мүмкіндік берді. Отаға қатысқаныма өте қуаныштымын», — дейді қалалық урология орталығының басшысы Асқар Жашенов.

Сонымен қатар, тізе мен жамбас буындарын ауыстыру операциялары халық арасында үлкен сұранысқа ие. Астанада академик Н.Ж. Батпенов атындағы травматология және ортопедия ғылыми орталығында 5 пациентке роботпен тізе ауыстыру бойынша күрделі операция жасалды. Эндопротездеудің идеясы – адамның зақымдалған буынын жасанды имплантпен алмастыру. Зақымдалған аймақтың 3D сканерлеуінің арқасында робот көмекшісі пациенттердің буынына барлық параметрлерді математикалық тұрғыдан мінсіз есептей отырып имплант қоюға мүмкіндік берді. Операциялар IT мамандарының қатысуымен компьютерлік навигация арқылы жасалды.

Бұдан бөлек, Астанада ауа-райының нашарлауына байланысты (жауын, қар, көктайғақ) травматологиялық пункт қызметі күшейтілген режимге көшті. Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тұрғындарға мүмкіндігінше мұқият болуға, жазатайым жағдайға тап болмас үшін ыңғайлы, табаны таймайтын аяқ киім киюге кеңес береді. Жарақат алған жағдайда бірден медициналық көмек көрсету пунктеріне жүгіну қажет.

Айта кетейік, 9 қараша күні №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасы жанындағы негізгі травматологиялық пунктке түсетін жүктемені азайту мақсатында және қолжетімді медициналық көмекпен қамтамасыз ету үшін қосымша травматологиялық пункт ашылды. Ол №2 қалалық емхана базасында Сарыарқа және Байқоңыр аудандарының балаларына медициналық көмек көрсетеді.

Әубәкір Смайылов

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу