jasqazaq.kz

«Үлбі» зауытының қызметкерлері де экоакцияға атсалысты

18 сәуiр 2024, 13:03

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында облыс орталығындағы «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ қызметкерлері Владимир Потанин ескерткішінің айналасын тазалап, абаттандыру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды.
Зауыт жұмысшылары қоқыс жинастырып, құрылымның зақымдалған элементтерін қалпына келтірді.


«Үлбі металлургия зауыты әлеуметтік және экологиялық бастамаларды әрқашан қолдауға ұмтылады. «Таза Қазақстан» акциясы осындай игі бастаманың бірі. Акция аясында біз бүгін ескерткішті тазалап, жаңартып, сырлап, сынған плиталарды ауыстырдық. Бұл жұмысқа он беске жуық адам жұмыла кірісті, — дейді «ҮМЗ» АҚ баспасөз қызметінің басшысы Алексей Проскуряков.
Айта кетейік, өткен аптада ҮМЗ қызметкерлері экоакция аясында 140 гектардан асатын зауыт аумағын тазартты. Сондай-ақ, жұмысшылар зауыт периметрі бойынша қала аумағын абаттандырды. Бұл дегеніңіз, шамамен, жеті шақырымға жуық аумақ. Жұмыс әлі жалғасып жатыр. Кәсіпорынның әр бөлімі өз учаскесін тазалайды.


Келесі аптада зауыт қызметкерлері өсімдіктерге күтім жасауды жоспарлап отыр.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?