jasqazaq.kz

Үкімет шегірткемен күреске қосымша қаржы бөлді (Видео)

31 қантар 2024, 10:36

Үкімет биыл шегірткенің жаппай таралып кетуінің алдын алу үшін тиісті шаралар қабылдауда. Бұл мақсатқа қосымша 4 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді. Премьер-Министр Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды. Primeminister.kz хабарлағандай, Үкімет резервінен үйірлі шегірткелердің жаппай таралуының алдын алуға, жайылымдарға зиянын тигізбеуге, ауыл шаруашылығы дақылдарын жоюына, сондай-ақ көрші мемлекеттердің іргелес аумақтарына көшуіне жол бермеу үшін олардың таралуы мүмкін барлық болжамды алаңда толық көлемді химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу бойынша шұғыл шығындарға 3,9 млрд теңге бөлінді.

Елімізде соңғы жылдары үйірлі шегірткелердің таралу алаңының ұлғайғаны байқалады: 2020 жылы – 514 мың га, 2021 жылы – 626 мың га, 2022 жылы – 975 мың га. 2023 жылы таралу алаңы 1 585 мың га болады деп болжанғанымен, іс жүзінде 1 616 мың га өңделді. 2023-2024 жылдарға шегірткенің жаппай таралуының 11 жылдық циклінің үдемелі кезі сәйкес келеді.
Биыл республикалық бюджеттен 1 270,6 мың га алаңды өңдеуге 4,2 млрд теңге бөлінген еді. Алайда, 2024 жылы нақтыланған жалпы болжам бойынша үйірлі шегірткенің таралу алаңы ұлғайып, 2,5 млн га құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда, шамамен 1 млн гектарға артық.

Бөлінген қосымша қаражат 1,3 млн га алаңда зиянкес үйірлі шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізуге бағытталады.
Еске сала кетейік, Қазақстан аумағында шегірткенің үйірлі (азиялық, италиялық және марокколық) және үйірлі емес түрлері таралған. Пестицидтерді сатып алу және оларды сақтау, тасымалдау және қолдану қызметтері сынды үйірлі шегірткелерден қорғау іс-шараларын ұйымдастыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?