Үкімет биыл инфляцияны 6-8 пайыздан асырмауды жоспарлап отыр

05 ақпан, 12:14

Үкімет 2024 жылы ел экономикасы кемінде 5,3 пайыз деңгейінде өседі деп болжап отыр

Өткен жылдың қорытындысына сәйкес, ел экономикасы жаңа жағдайларға бейімделіп, орнықты даму жолына түсті. Қабылданған шаралар нәтижесінде экономиканың өсімі 5,1 пайызды құрады.
Негізгі салалардың барлығы оң динамика көрсетті: құрылыс – 13,3%, сауда – 11,3%, ақпарат және байланыс қызметтері – 7,1%, көлік қызметі – 6,9%, өнеркәсіп – 4,3%.
Негізгі капиталға салынған инвестиция 13,7 пайызға өсті. Бұл ретте 2023 жылдың 9 айында тікелей шетелдік инвестиция (ТШИ) көлемі 19,7 млрд долларды құрады. Оның ішінде 11 млрд доллардан астамы шикізаттық емес секторларға бағытталған. Екі жыл қатарынан ТШИ көрсеткіштері соңғы онжылдықтағы ең жоғары көрсеткіштердің біріне айналды – олардың жылдық көлемі 26-28 млрд доллар деңгейінде. Еліміз ТМД елдері арасында шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны бойынша көш бастап тұр.
2023 жылдың 11 айында сыртқы сауда айналымы 2,2 пайызға өсіп, 126 млрд долларды құрады. Оң сауда балансы — 16 млрд доллардан астам. Шикізаттық емес экспорт номенклатурасы 141 позицияға өсті.
Еліміздің халықаралық резервтері 96 млрд долларды құрады. Оның ішінде Ұлттық қордың активтері 4 млрд долларға өсіп, 60 млрд доллардан асты. Халықаралық рейтинг агенттіктері Қазақстан экономикасының тәуелсіз рейтингі мен инвестициялық сенімділігін растады.
Үкімет Ұлттық банкпен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі кешенді шараларды іске асыруда. Нәтижесінде өткен жылы ол 2 еседен астам төмендеп, 9,8% пайызды құрады. 2024 жылы инфляцияны 6-8 пайыз деңгейінде ұстау міндеті қойылды.
2024 жылдың қорытындысы бойынша экономиканың өсуі 5,3 пайыздан кем болмауы тиіс.
Үкімет Мемлекет басшысының Сайлауалды бағдарламасы мен Қазақстан халқына жолдауларында белгіленген міндеттерді іске асыруды жалғастыруда. Бұл жұмыс экономиканы белсенді әртараптандыруға, кәсіпкерлікті дамытуға, инвестиция тартуға және азаматтардың әл-ауқатын едәуір жақсартуға бағытталған. Мұның бәрі 2029 жылға қарай ЖІӨ-ні екі есеге арттыруға берік негіз болады.
JQ-Aqparat

29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды