jasqazaq.kz

Үкімет басшысы Рақымжан Қошқарбаев ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

09 мамыр 2024, 14:10

Премьер-Министр Олжас Бектенов Жеңіс күнін мерекелеу аясында Рейхстагқа ту тіккен Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.
Соғыс жылдарында қаза тапқан жауынгерлер мен бейбіт өмірге оралып, бүгінде марқұм болған барша ардагерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.


«Адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыста қазақстандықтар да теңдессіз ерлік пен ерен еңбектің даңқты үлгісін көрсетті. Ұлы Жеңіс қаһармандарының арқасында бүгінгі ұрпақ бейбіт елде өмір сүріп, кемел болашаққа нық сеніммен қадам басып отыр.
Айбынды батырларымыз Бауыржан Момышұлы, Сағадат Нұрмағамбетов, Рақымжан Қошқарбаев, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Хиуаз Доспанова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов сынды басқа да көптеген отандастарымыздың майдан даласындағы ерліктеріне мәңгі тағзым етеміз. Халқымыз туған жерімізді қорғап қалған соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің есімдерін әрдайым ұлықтай бермек.
баршаңызға мықты денсаулық, сарқылмас күш-қуат тілеймін. Аспанымыз ашық, еліміз аман болсын!», — деді Олжас Бектенов.

JQ-Aqparat

Суреттер: Үкіметтің баспасөз қызметі

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?