jasqazaq.kz

ҰҚК: Шымкентте Экономикалық тергеп-тексеру департаменті қызметкеріне қатысты тергеу басталды (Видео)

11 наурыз, 14:10

Әлеуметтік желілерде тараған Шымкент қалалық Экономикалық тергеп-тексеру департаменті қызметкерінің ұсталғаны туралы ақпаратқа байланысты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы Kazinform агенттігінің тілшісіне ҰҚК мәлім етті.

2 наурыз күні әлеуметтік желілерде ер адамның жол жиегінде тұрған автокөлік жанында арнайы қызмет өкілдері тарапынан ұсталған сәті түсірілген фото жарияланды.

Желі қолданушыларының жазуынша, ҰҚК-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Шымкентте қалалық Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерін пара алды деген күдікпен ұстаған болуы мүмкін. Алдын ала мәлімет бойынша, пара көлемі шамамен 300 мың теңгені құраған.

Осыған байланысты Kazinform редакциясы аталған дерекке қатысты Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ресми сауал жолдап, департамент қызметкерінің шынымен ұсталған-ұсталмағанын, пара сомасы туралы ақпараттың қаншалықты рас екенін, сондай-ақ күдіктінің процессуалдық мәртебесі мен ақшаның берілу жағдайын нақтылауды сұрады.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеу жүргізіліп жатқанын растады.

– Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, — деп хабарлады ҰҚК ресми сауалға берген жауабында.

 

Бүгін, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
Бүгін, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
Бүгін, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді