jasqazaq.kz

Үйлену тойына діншіл жас жұбайлар қатыспай қойды

23 сәуiр 2018, 13:03

Алматының Алатау ауданына қарасты Шаңырақ ықшам ауданында қазақ отбасының тойы елден ерекше өтті.  Онда дінге бет бұрған жастар өздерінің үйлену тойына келген қонақтарға көрінбеген.

«Әпкемнің ұлы үйленді деп барлығымыз қуанып, сыйлығымызды құшақтай асыға жетіп барған болатынбыз. Жігіттің анасы келін алғанына қуанғанын байқамадық. Керісінше жылағаннан көзі ісіп кеткен сияқты көрінді. Той алдындағы дайындықтың кезінде отбасылық мәселелер туындап қалған болар деп болжадық.

Үйде қалыңдық та, үйленген жігіт те жоқ болды. Әдеттегідей жастар кешкі столға келетін шығар деп күттік. Бірақ олар келмеді. Қонақтар келіп қалған кезде жездеміз жиналғандарға жағдайды сол жерде бірден айтты. «Қазіргі жастарды түсінбейді екенбіз.Олар өз қалауларынша тойласын, біз өз қалауымызбен.

«Адамдардың көзіне түскілері келмейді екен» деп күлді де қойды. Содан 150 қонақ біраз түсінбей отырып қалды. Асаба кезек-кезек сөз кезегін ұсынып ұмыттырып жіберді. Содан жас жұбайларға сырттарынан тілек айтып, тойды түнгі 22:00-ге дейін өзіміз тойлап қайттық»,- дейді Алматы тұрғыны.   Жігіт мектеп бітірісімен намаз оқып намазхан жігіттермен араласады екен. Қыз болса никаб оранады екен. Ата-анасы беташарды той болатын мейрамханада өткізіп жіберуді жоспарлаған екен.

Туысқандарының айтуынша, жігіт келіншегін өз отбасындағы ер азаматтардың алдына да шығармайды екен. Сол үшін үйленісімен қалыңдығын ата-анасына бір таныстырып пәтер жалдап кетіп қалыпты.     Үйленген жігіттің өзі бауырдарымен байланысын үзбейді екен, тек келіншегін әдеттегідей ата-анасының үйінде жұмыс істеп, қонақ болып кетуіне қарсы көрінеді. Алғаш алып келген кезде қалыңдығының бетін анасы ғана көрген екен.

 Stan.kz

25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
24 маусым, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
24 маусым, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр