jasqazaq.kz

WBC Головкин мен «Канело» кездесуіне арнайы белбеу жасап шығарды

28 маусым 2017, 12:48

Бүкіләлемдік бокс кеңесі орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес (49-1-1, 34 КО) арасындағы кездесуге арнайы жаңа белбеу жасап шығарды.

Мехикода өткен баспасөз жиыны барысында WBC ұйымының президенті Маурисио Сулеймен Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварес арасындағы кездесуге арналған арнайы белбеудің үш нұсқасын көрсетті. Алдағы уақытта дауыс берудің қорытындысы бойынша, үш нұсқаның біреуі таңдалып алынатын болады.

Негізі WBC ұйымы мұндай тәжірибеге бірінші рет барып тұрған жоқ. Осы уақытқа дейін кеңес мамыр айында өткен «Канело» мен кіші Хулио Сезер Чавес арасындағы жекпе-жекпе жекке арнайы белбеу жасап шығарған еді. Алайда Альварес ұйым басшыларымен сөзге келіп қалғанына байланысты ол белбеуден бас тартты.

Еске салайық, «Канело» бұған дейін орта салмақтағы WBC белбеуінің иегері болатын. Бірақ 2016 жылдың мамыр айында ол белбеуден өз еркімен бас тартты. Кейін бұл бос тұрған белбеу Альварестің міндетті қарсыласы болған Головкинге берілді.

Айта кетейік, Головкин мен «Канело» арасындағы кездесу 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтеді. Бұл кездесуде GGG орта салмақтағы WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерін қорғайды.

Кездесуді АҚШ жерінде HBO арнасы ақылы жүйе (PPV) бойынша көрсетеді. Головкин PPV жүйесі бойынша өзінің үшінші кездесуін өткізеді.

Vesti.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда