jasqazaq.kz

Вконтактеде танысқан жігітпен кездесуге кеткен алматылық оқушыны 4 тәуліктен бері таппай жатыр

20 шiлде 2017, 16:06

Алматылық оқушы қыз Вконтакте арқылы танысқан жігітпен кездесуден соң жоғалып кеткен.

Анасы Натальяның айтуынша, 13 жастағы Галина үйден жексенбі күні 12:30-да шығып кеткен. Кетерінде Коля Вольнов деген баламен кездесуге баратынын айтқан. Анасына ол кешкі 4-те келемін деп уәде берген. Екеуі соңғы рет Іле ауданындағы мектептің маңайында кездесіп, содан ізім- ғайым жоқ болып кеткен. «Қызым Колямен 1-2 апта бұрын Вконтакте желісінде танысқан екен. Галинаның досы кейін маған айтты. Сол кезде алғаш рет кездесуге бара жатқан. Ол бала да біздің мектепте оқиды екен. Білуімше, әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан. Бұрын велосипед ұрлағаны үшін қылмысты болған екен», — деді анасы Наталья. Галинаның телефоны кешкі 11:00-ге дейін қосылып тұрған. Одан кейін өшіп қалған. Қазір Іле аудандық ІІБ Галина Япсқа іздеу жариялады.

ҚазАқпарат

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда