jasqazaq.kz

Вице-министр онлайнда жұмыс істеуге шақырды

23 мамыр 2017, 10:59


Парламент Мәжілісінде «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында дуалды оқытуды енгізу» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Жиында Мәжіліс депутаттары, білім саласының мамандары мен жұмыс берушілер дуалды оқыту жүйесінің мәселесін талқылады. Бұл туралы jasqazaq.kz тілшісі хабарлады.

Жаңаша оқыту жүйесіндегі біраз қордаланған мәселелер сөз болды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов: «Дуалды оқыту жүйесі – маңызды, өте қажет. Себебі бұл халықтың жұмыспен қамтылуына тікелей байланысты. Бізде еңбекке жарамды 9 миллион халықтың ішінде, өкінішке қарай, статистика бойынша 28 пайызы – орта мектептік қана білімі бар азаматтар. Жұмыссыз жүргендерді статистика бойынша бөлек алсақ, 25 пайызының арнайы кәсіби-техникалық білімі жоқ. Өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың ішінде 49-50 пайызінікі – тек қана мектептегі білім. Сондықтан жалпы білім беру – өте маңызды», – дей келе өндіріс пен оқыту процесін байланыстыру қажеттігін айтты. Бұл жүйеге заңдық тұрғыда да, қаржылық тұрғыда да қолдау керектігі сөз болды. «Сондай-ақ Елбасы барлығына бірдей тегін кәсіптік-техникалық білім беру туралы тапсырма берген. Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша, осы жылдың өзіне 47 мың адамды кәсіби-техникалық біліммен, оның ішінде қысқа мерзімді біліммен қамтыймыз деп 11 миллиард теңге бөліп отырмыз», – деді Біржан Бидайбекұлы.
Сондай-ақ жұмысқа орналастыру туралы ақпарат шынайы болу керектігі де айтылды. «ХХІ ғасырда өмір сүріп отырып, есептеуді біз әлі кустарный методпен есептейміз. Барлық жоғары оқу орындары, колледждер бізге тізімді Ехсел-де береді. Біз оны бір күнде өзіміздің ақпараттық базамызбен сәйкестендіріп, қанша адам шыныменде жұмыс жасайтындығын санап, жариялаймыз. Мамандық бойынша ма, мамандығымен емес пе білмеймін. Сондықтан менің Білім және ғылым министрлігіне айтар ұсынысым бар. Қазір бүкіл мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесі дамыған. Сондықтан сол жүйені дамыту керек. Сараптап келгенде, бұл кісілердің базалық мәліметтері жылына 2 рет қана жаңартылады. Себебі оқу процесі солай. Оны неге күнделікті жаңартылып тұратындай база жасамасқа? Біреулер оқудан шығып кетіп жатыр, біреулерді қабылдап жатқан шығар. Біздің басқа жүйелермен байланысымыз бар. Сондай байланысты бұл кісілер де қолға алу керек шығар. Біз қазір офлайнда жұмыс істейміз, онлайда жұмыс істесек», – деді Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асыловаға қарата айтқан сөзінде, Нұрымбетов мырза.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда