jasqazaq.kz

VІ республикалық «Абайтану» олимпиадасы

22 сәуiр 2024, 17:28

 

Алматы қаласы Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатында Абай шығармашылығын оқу арқылы көркемсөздің танымдық, тағылымдық, эстетикалық мән-маңызын түсінетін жас ұрпақты тәрбиелеп, оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында 23-24 сәуір аралығында VІ республикалық «Абайтану» олимпиадасы өткізіледі. Олимпиадаға жалпы білім беретін ұйымдардан облыстық кезең жеңімпаздары атанған 9-11-сынып оқушылары қатысады.
Биыл алтыншы мәрте өткізілгелі отырған білім олимпиадасында еліміздің әр өңірінен, оның ішінде 10 облыс, 3 республикалық маңызы бар қала, 2 республикалық білім беру ұйымдарынан 96 оқушы бақ сынайды.
Олимпиада екі айналымнан тұрады. Бір оқушы екі айналымға да қатысады. Бірінші айналым бойынша қатысушы Абай қарасөздері мен поэзиясы негізінде дайындалған тақырыптардың біріне эссе жазады. Екінші айналымда М.Әуезовтің “Абай жолы” романы, Абай шығармашылығы бойынша дайындалған тапсырмаларға жауап береді және Абай іліміне өз көзқарасын білдіріп, Абайтанушы ғалымдар жайлы жалпы білімін көрсетеді. Сонымен қатар М. Әуезовтің “Абай жолы” романынан алынған сөйлемдерге кешенді талдау жасау арқылы оқушының грамматикалық сауаттылығы анықталады.
Білім сайысында жеңіске жеткен оқушыларға ҚР Оқу-ағарту министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломдары, мектеп түлектерінің демеушілігімен сыйлықтар табысталады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау үшін қазылар алқасының құрамы Қазақстан Республикасының алдынғы қатарлы ЖОО ғалымдары, білім басқармалары мен бөлімдерінің әдіскерлері, тіл және әдебиет саласының танымал мамандары мен бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларынан құралады.
Ұйымдастырушылар: Абай атындағы РММИ
Уақыты: 23.04.2024 жыл 08:00-18:00 (Олимпиада)
24.04.2024 жыл 12:00-14:00 (Марапаттау)
Орны: Алматы қаласы, Митин көшесі, 6

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?